24.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Соғыс балалары/Дети войны

         Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 74 жылдығы қарсаңында кәсіпорын ұжымы ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құттықтады. Комбинат өкілдері олардың әрқайсысына алғыс білдіріп, гүл шоқтары мен сыйлықтар табыстады.
      Дәстүр бойынша бұл шараны Маңғыстау энергокомбинатының басшылығы мен кәсіподағы, «Нұр Отан» партиясы ұйымдастырды.   
    Бүгінгі күні өкінішке орай, МАЭК–тің бұрынғы қызметкерлерінен еңбек майданының ардагерлері Тропин Владимир Александрович және Кузнецова Любовь Васильевна ғана арамызда. Қалған соғыс және тыл ардагерлері бұл өмірден өтіп кетті.
   Олардың жастық шағы Ұлы Отан соғысымен тұспа-тұс келіп, небір сұмдықтарды көзбен көруге тура келді. Елдегі бар ауыртпалықтарды иығымен көтеріп, жеңісті күнді жақындату үшін бар күш-жігерлерін аямады. Олардың әрқайсысының кеудесінде жарқыраған түрлі төсбелгілер  сол жанкешті еңбектері үшін алған марапаттары, еленген еңбектерінің көрінісі.
     Әріптестермен кездесуді ардагерлер әрқашан асыға күтеді. Бұрынырақта өздерінің сүйікті кәсіпорнына мерекелерде жиі келетін. Әттең, зулап өткен жылдар олардың қатарын сиретті,  бүгінде ортамызда қалған екі қарттың өзі үйден ұзап шыға алмайтын жаста.
     Жыл сайын майдангерлер азайып келеді. Бүгінде Маңғыстау облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының хабарлауынша, өңірде Ұлы Отан соғысының 16 ардагері ғана тұрады. Мереке қарсаңында МАЭК ұжымы солардың қатарынан соғыс ардагерлері  Нух Қапиз және Асан Аймағамбетовтің де отбасында болып, осынау айтулы мейрамдарымен құттықтады. 
     «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ұжымы барлық ардагерлерді ұлы Жеңіс Күнімен құттықтайды! Болашақ ұрпаққа сыйлаған Бейбітшілік пен бостандық үшін шын жүректен алғыс айтамыз! Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен жақсылықтар тілейміз!


Дети войны
 
   Накануне 74 годовщины Победы в Великой Отечественной войне энергопредприятие поздравило ветеранов ВОВ и тружеников тыла. Представители комбината выразили благодарность и уважение лично каждому из них, вручили цветы и подарки.
    По традиции, организаторами мероприятия выступили руководство и профсоюз Мангистауского энергокомбината, партия «Нур Отан».    
     На сегодняшний день ветеранов трудового фронта, бывших работников МАЭК, осталось всего двое – Тропин Владимир Александрович и Кузнецова Любовь Васильевна.
       Эти люди в юные свои годы приняли на плечи тяготы военных лет и с честью прошли все испытания. Каждый из них имеет различные награды и юбилейные медали.
          Теплая встреча с коллегами всегда радостна. Но, по состоянию здоровья, а каждому из них уже за 90, поздравления дорогие ветераны принимали у себя дома.
      С каждым годом фронтовиков становится все меньше. Сегодня, по сообщению управления координации занятости и социальных программ Мангистауской области, в регионе проживают 16 ветеранов Великой Отечественной войны. В их числе Нух Капиз и Асан Аймагамбетов, которых энергетики также навестили в предпраздничные дни.  
        Коллектив ТОО «МАЭК-Казатомпром» поздравляет всех ветеранов с Днем Победы! От всей души благодарим за мир и свободу, которые Вы подарили всем будущим поколениям! Желаем Вам крепкого здоровья, счастья и добра!