24.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Қойма шаруашылығына 50 жыл

        Әдетте, толыққанды және бөгде ұйымдардан тәуелсіз кәсіпорын болу үшін мекеме бірінші кезекте өзінің материалдық-техникалық базасын құру және нығайтуы қажет. Маңғыстау энергетикалық зауыты (МЭЗ) құрылған күннен бастап, тауарлық-материалдық құндылықтарды шоғырландыру және жинақтау, оларды тиісті сақтау мен есепке алу, салынып жатқан энергетика объектілері үшін бірегей және ауыр салмақты жабдықтарды қабылдау, түсіру, зауыт бөлімшелерін материалдық ресурстармен жоспарлы және үздіксіз қамтамасыз ету, жабдықты монтаждау орнына шығарып жеткізу жөніндегі функцияларды орындау мақсатында 1969 жылғы 18 наурызда №62 бұйрықпен 125000 ш. м. алаңда кейін кәсіпорынның маңызды учаскелерінің бірі болып табылатын жабдық пен жабдықтаудың бірыңғай базасы - қойма шаруашылығы  құрылды.
      Мұнда өндірістік үй-жайлар, орталық материалдық қоймалар, ірі габаритті жабдықтарды сақтауға арналған ашық алаңдар, қойма-қалқа, қойма-рампа, спиртті, сілтілі металдарды, газбаллонды өнімдерді және т. б. сақтауға арналған арнайы қоймалар орналасқан.
     Қойма шаруашылығында темір жол вагондарын локомотивпен қоймалар рампаларына және тиеу-түсіру жұмыстарына арналған ашық алаңдарға алып келіп қоюды  қамтамасыз ететін темір жолдардың төрт тармағы бар.
      Қойма қорларын есептеу процесін оңтайландыру үшін жергілікті желі арқылы 1C Бухгалтерия бағдарламасы бойынша жұмыс істеу  қарастырылған.
Бүгінгі күні Шапағат Сәдуақасов басқаратын еңбек ұжымында  56 адам жұмыс жасайды.
      Бөлімшенің дамуына еңбек ардагерлері Жарденгалиев Бекболат Ақасұлы, Өтепов Тілеш Кәкімұлы, Ясинова Лариса Анатольевна, Утениязов Аманбай Озғанұлы, Өтегенов Мәжит Хамитұлы және басқа да көптеген бөлімше қызметкерлері үлкен үлес қосып келеді. Қойма шаруашылығының жастары: Әбітұлы Жақсылық, Максимов Вадим Максимович, Анашкин Виталий Николаевич, Симонова Ирина Валерьевна, Жангалиева Марина Евгеньевна және т. б. аға ұрпақтың еңбек даңқын лайықты жалғастыруда.
      20 наурызда қойма шаруашылығы ұжымы өзінің елу жылдық мерейтойын атап өтті. Қонаққа комбинат ардагерлері шақырылды. Мереке барысында ерекше көзге түскен қызметкерлер жоғары кәсібилігі мен жауапкершілігі, көп жылғы еңбегі және кәсіпорынның дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бас директордың Құрмет грамоталары мен алғыс хаттарына ие болды. "МАЭК-ке 50 жыл" белгісімен Аманжолов Қайрат Геройұлы, Өтепов Тілеш Кәкімұлы, Бейдиев Фаит Сеифоглы марапатталды. Ардагерлерге естелік кәдесыйлар тапсырылды.
     Мерейтой иелерін комбинаттың басқа бөлімшелерінен келген әріптестері құттықтап, оларға алдағы уақытта да табыс тіледі.
                                                                                     
 
Складскому хозяйству 50 лет
     Как правило, чтобы стать полноценным и независимым от сторонних организаций предприятием, в первую очередь необходимо создать и укрепить свою материально-техническую базу. Для накопления товарно-материальных ценностей, их хранения и учета, бесперебойного снабжения подразделений комбината материальными ресурсами 18 марта 1969 года была образована единая база оборудования и снабжения (складское хозяйство).  
      На 125000 м2 размещены производственные помещения, центральные материальные склады, открытые площадки для хранения крупногабаритного оборудования, склады-навесы, специальные склады для хранения спирта, щелочных металлов, газобаллонной продукции и т.д. Складское хозяйство располагает четырьмя ветками железнодорожных путей, обеспечивающих установку вагонов локомотивом к рампам складов и открытым площадкам для погрузочно-разгрузочных работ.
         В настоящее время для оптимизации процесса учета складских запасов все помещения охвачены локальной сетью для работы по программе 1C Бухгалтерия.
       Трудовой коллектив, возглавляемый Шапагатом Садуакасовым, насчитывает 56 человек.
         Большой вклад в развитие подразделения внесли ветераны труда Бекболат Жарденгалиев, Тлеш Утепов, Лариса Ясинова, Аманбай Утениязов, Мажит Утегенов и многие другие работники подразделения. Достойно продолжает трудовую славу старшего поколения молодежь складского хозяйства: Жаксылык Абитулы, Вадим Максимов, Виталий Анашкин, Ирина Симонова, Марина Жангалиева.
   20 марта коллектив складского хозяйства широко отметил свой пятидесятилетний юбилей. В гости были приглашены ветераны комбината.
За высокий профессионализм, многолетний труд и весомый вклад в развитие предприятия Почетными грамотами и благодарственными письмами от имени генерального директора комбината были удостоены отличившиеся работники. Кайрат Аманжолов, Тлеш Утепов, Фаит Бейдиев были награждены знаками «50 лет МАЭК».
     С праздником юбиляров поздравили коллеги из других подразделений комбината и пожелали им дальнейших успехов в работе.
 

Колганат Нуржаубайулы