25.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Амал мейрамы -2019

        Кәсіпорын  қызметкерлері мерекеден мерекеге ұласатын көктемнің алғашқы айын бар сән-салтанатымен атап өтті. Алғыс айту күні, Әйел-аналар, Масленица мерекелерінің артын ала Амал мейрамы келіп жетті. Маңғыстаулықтар үшін ерекше аталып өтетін Амал күні көпшілік таңертеңнен күн батқанға дейін барлық көршілері, туыстары мен достарын аралап, бір-бірін қыстан қысылмай шығуымен және жаңа жылдың басталуымен құттықтайды. Осы күні өкпе-реніштерін кешіреді. Салт-дәстүр бойынша кішілер үлкендерге барып, қол алысып, төс қағыстырып көріседі. Ал ауылдың үлкендері кейінгі ұрпағына өз батасын береді.
      Қалыптасқан дәстүр бойынша 14 наурызда таңсәріден ақпараттық-әдістемелік орталық алдындағы үлкен алаңда комбинат бөлімшелері тіккен киіз үйлер қаз-қатар тізіліп, ұлттық тағамдарға толы дастархандар жайылды. Бірнеше күннен бері беті қайтпаған суық жел де түске таман тынып, түнерген аспан да ашылды, күн шуағы төгілді. Ұжымдағы ұлы той Бас директор Қайрат Әбдірәсіловтың  мерекелік тілегімен  басталды. Түрлі байқауларға қатысқан бөлімше қызметкерлері қонақтарды ән-шашумен қарсы алып, қонақжайлылықтарын көрсетті, түрлі ұлттардың ас мәзірін ұсынды. Мейрамға қатысушылар арасында гір көтеру, арқан тарту, асық ату, білектесу, ләңгі тебу секілді спорттық жарыстары өткізілді. Ал  бөлімшелер арасындағы көркемөнерпаздар байқауында Бас жүлдені Автокөлік басқармасы, екінші орынды Жылу электр станциясы, үшінші жүлдені Қойма шаруашылығы жеңіп алды.
          22 наурыз күні ақтаулықтар қарт Каспийдің жағасында мереке салтанатын одан әрі жалғады. Тізілген киіз үйлердің қатарынан МАЭК-тің  тіккен ақ боз үйі де орын алды. Қонақтарға арналып наурыз көже асылып, ұлттық ас мәзіріне толы кең дастархан жайылды.
                                                                                                                            
                                                                                                                                             Гүлбаршын Байназарова,
                                                                                                                                                                                           баспасөз қызметі