28.03.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Әйел-аналарға құрмет

        «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ең әдемі, ең жарқын көктем мерекесі – халықаралық әйелдер мейрамы аталып өтті. Ұжымдағы жігіттер қауымы салтанатқа жиналған барлық әйелдерге гүл  ұсынып,  сыйлықтар үлестірді.  Келуші қыз-келіншектердің күлімдеген жүздерінен, ерекше көңіл-күйлерінен осынау әсем көктемнің лебі сезілгендей. Табиғат та келіп жеткен жайсаң мезгілдің жайлылығын сездіріп, самал желін, көктемгі ақ жаңбырын, жүрекке жылу үйірер ерекше сән-саламатын сыйға тартуда. 
   Кәсіпорынның Адам ресурстарын басқару департаментінің директоры А.В.Могилин комбинаттың әйелдер қауымын көктемнің тамаша мерекесімен құттықтап, өмірдің бар сәттіліктерін, отбасының амандығы мен шаңырақтың шаттығын тіледі. Комбинат басшылығы атынан еңбекте ерекшеленген бірнеше әйел азаматтарға алғыс жариялап, Мақтау қағаздарын табыстады.
    Салтанатты шара одан әрі Абай атындағы мәдениет сарайы балалар ұжымдарының дайындаған үлкен концерттік бағдарламасымен жалғасты. Балалар аналарға арналған, сондай-ақ махаббат туралы заманауи әндерді шырқап көрермендердің көңілін көтеріп, ерекше ықыласқа бөледі. Мереке иелері балапан әншілердің талантына тәнті болып,  ризалықтарын білдірді.
                                                                 
Праздник любимых женщин

        В ТОО «МАЭК-Казатомпром» отметили самый светлый, красивый и яркий праздник, посвященный Международному женскому дню. Мужчины встречали красавиц энергокомбината, пришедших на торжественное собрание, с цветами и подарками.
       В воздухе веяло Весной, чувствовалось пробуждение природы и радости наступления самого необыкновенного времени года. Красиво одетые женщины 8 марта казались  особенно нежными и женственными.
  Директор департамента управления человеческими ресурсами энергопредприятия А.В.Могилин  поздравил всех женщин коллектива  с этим чудесным праздником. Пожелал представительницам прекрасного пола удачи во всем, крепкого здоровья,  успехов в работе, благополучия в семье.
         В ходе торжественного мероприятия от лица руководства предприятия за неустанный труд и успешную работу ряду женщин были вручены Почетные грамоты, благодарственные письма и юбилейные медали МАЭКа, а также медали и благодарственные письма Ассоциации «KAZENERGY». 
      Церемония вручения наград продолжилась праздничным концертом  в исполнении молодежных коллективов ДК имени Абая. Дети пели песни, посвященные матерям, любви. Зрители громкими аплодисментами принимали выступление ребят, которые оставили незабываемые впечатления.
 

                                                                         Гульбаршын Байназарова,

                                                           пресс-служба ТОО «МАЭК-Казатомпром»