19.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

«Қыс-2018»

   Қараша айының алғашқы күнінде елімізде республикалық командалық-штабтық "Қыс-2018" жаттығуы  басталды.  Осы жаттығу аясында  "МАЭК-Қазатомөнеркәсіп" ЖШС аумағында «ЖЭО-2 кабель тоннеліндегі  өртті сөндіру» тақырыбы бойынша өрт-тактикалық жаттығуы өткізілді. Атаулы шара «Өрт сөндіру қызметі және апаттан құтқару жұмыстары» мемлекеттік мекемесінің өртке қарсы қызмет гарнизоны және   3502 әскери бөлімімен бірлесіп  жүргізілді.
Комбинатта оқу-жаттығулар өткізілер алдында тиісті қызметтер бөлімшелерімен бірге өрт-тактикалық жаттығулардың жоспары әзірленіп, бекітілді,  апаттық қызметтердің басқару органдарымен өзара іс-қимыл бойынша жүргізілетін  шаралар келісіліп,  объектінің  технологиялық өндірістегі өрт қаупі мәселелері  зерттелді.  
    Оқу-жаттығу өткізу барысында, алдын-ала қойылған міндеттер орындалды,  нормативтер іс жүзінде пысықталып, өрт техникасымен, апаттық-құтқару және өрт-техникалық құрал-жабдықтармен жұмыс істеу тәсілдері көрсетілді, өрт сөндірудің жедел жоспары жасақталды.
   Өрт-тактикалық жаттығуға комбинат персоналдары және Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет, Маңғыстау өртке қарсы қызмет гарнизонының және  әскери арнаулы бөлімшелер жауынгерлері қатысты. Ортақ мүддеге, қауіптің алдын алуға жұмылған барша қатысушылар жаттығуда өз ұйымшылдығымен, белсенділігі, біліктілігімен, жоғары кәсіби шеберліктерімен танылды. 

   В первый день ноября в стране стартовали Республиканские командно-штабные учения «Қыс-2018», в рамках которых на ТОО «МАЭК-Казатомпром» были проведены пожарно-тактические учения на тему «Тушение пожара в кабельном тоннеле ТЭЦ-2». Данные мероприятия были проведены совместно с гарнизоном противопожарной службы ГУ СП и АСР, а также войсковой части 3502.

  Для проведения учений в подразделении энергопредприятия со всеми службами взаимодействия был разработан и согласован план ПТУ, подготовлены и проведены мероприятия по взаимодействию органов управления с аварийными службами, изучены вопросы пожарной опасности технологического производства объекта.

    В ходе проведения учений, были выполнены поставленные задачи, выполнена практическая отработка нормативов, приемов и способов работы с пожарной техникой, аварийно-спасательным и пожарно-техническим оборудованием, отработка оперативного плана пожаротушения.

  Для участия в пожарно-тактических учениях были привлечены персонал комбината и негосударственная противопожарная служба объекта, силы и средства гарнизона Мангистауской противопожарной службы, а также войсковые спец.подразделения.

 

Павел Володин,

инженер по ПБ ОМР, ГО и ЧС ДБ