25.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Ардагер футболшылар жеңісі

     21 қазанда «Жас қанат» стадионында энергокомбинаттың 50 жылдығына арналған футбол турнирі өз мәресіне жетті. Бір ай бойы стадионның жаңадан төселген спорт алаңында жарыстың басты олжасы – «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бас директорының кубогі үшін аймақтың 13 командасы өзара күш сынасты. Бәсеке белесіне мықтылардың мықтысы ғана жете алды.
     Жүлделі үшінші орын үшін күрес «ММГ» мен «Қаражанбас» командалары арасында өтті. Бүкіл ойын барысында екі команданың ойыншылары да шеберліктерін көрсетіп бақты. Солай бола тұрса да «ММГ» командасы шабуылшыларының қарқынды ойыны «Қаражанбас» командасының қақпашысын бірнеше рет қапыда қалдырып, жарыс 4:0 есебімен аяқталды.
       Ақтық айқас басталғанға дейін жанкүйерлердің арасында спорттық киімдер сататын дүкендердің сертификатына лотереялық ойындар ұйымдастырылды.
       Бірінші орын үшін соңғы ойында Ардагерлер Лигасының соңғы жылдардағы жеңімпаздары «МАЭК» пен «ӨзенМұнайГаз» командалары кездесу өткізді. Ойын барысында дұрыс тактика қолдану мен табанды күрес қана ойын жеңімпазын анықтары сөзсіз еді. Бір қызығы, бұрын да осы екі команда топтық кездесуге шығып, мұнайшылар басым түскен еді.
       Маэктіктер ойынды жеңіске деген құлшыныспен бастап,  қарсыластарының қақпасына шабуылдаумен болды. Мұнайшылардың қорғаушылары МАЭК футболшыларының мұндай белсенді ойынына қанша тырысқанымен төтеп бере алмады. Ойынның екінші таймында МАЭК командасының шабуылдаушысы, ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері Вячеслав Кузиннің қарсыластар қорғаушысын басып озып, алыстан соғылған  добы мұнайшылар қақпасына сүңгіді. Комбинат командасы қорғаушыларының тығыз тосқауылы мен команда қақпашысы Аманғали Еділовтың шебер қимылы ойынның өн бойында мұнайшылардың ең болмаса бір доп соғуына мүмкіндік бермеді. Ақтық ойынның аяқталғаны туралы төреші ысқырығы естілген сәтте есеп «МАЭК» ардагерлер командасының пайдасына 1:0 болып шешілген еді.
    Ойын соңында энергокомбинат басшысы Қайрат Әбдірәсілов жарысқа қатысушыларды футбол мерекесімен құттықтап,  «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» кубогі үшін болатын футбол жарысы бұдан кейінгі жылдары да дәстүрлі жалғасын табатынын айтты.
      Шара әрі қарай жеңімпаздарды марапаттау рәсімімен жалғасты. Жүлдегерлер қатарында «МАЭК» (1-орын), «ӨзенМұнайГаз» (2-орын), «ММГ» (3-орын) командалары бар.
   Турнирдің үздік қақпашысы болып «МАЭК» командасының ойыншысы Аманғали Еділов, үздік қорғаушы – Қайыр Қыдырмағанбетов («Қаражанбас»), үздік шабуылдаушы - Айдос Түйебаев («ММГ»), үздік бомбардир - «БарсОйл» командасының ойыншысы Сұлтан Ақшабақов, үздік төреші-хабарлаушы боп Валерия Абаева танылды.
      Маңғыстау футболын кеңінен насихаттап, одан әрі  дамытудағы өлшеусіз еңбегі үшін энергокомбинат командасының ойыншысы, әрі жетекшісі Қайрат Әбдірәсілов облыстық футбол федерациясының Мақтау грамотасымен марапатталды. Турнирді әлеуметтік желілерде креативті жариялағаны үшін Владимир Турков («Қаражанбас»), кәсіби фотосуреттері мен бейнетүсірілімдері үшін Игорь Хаперский де  («МобилСервис») осындай марапатқа ие болды.
     «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 50 жылдық мерейтойына арналып, 8*8 жүйесі бойынша тұңғыш рет өткізіліп отырған турнирге қатысушылар  жарысты ұйымдастырушыларға аймақтағы ардагерлер футболын дамытуға қосқан үлесі және қызықты әрі тиімді өткен шара үшін ризалықтарын жеткізді.
 
Завершился футбольный турнир МАЭК среди ветеранов
 
    21 октября на стадионе «Жас-Канат» завершился футбольный турнир, посвященный 50-летию со дня образования энергокомбината. В течение месяца на обновленном поле за главный трофей соревнований - Кубок генерального директора ТОО «МАЭК-Казатомпром» боролись 13 региональных команд. В финал попали сильнейшие.
    В матче за третье место встретились ветераны «ММГ» и «Каражанбас». Хорошую технику владения мячом на протяжении всей игры показали ветераны обеих команд. Однако перед натиском футболистов «ММГ» не смогли устоять оборона и вратарь Каражанбаса. Матч завершился со счетом 4:0.
     В ожидании финала для болельщиков был проведён розыгрыш сертификатов, предоставленных магазином спортивной одежды. 
       В матче за первое место встретились чемпионы Ветеранской лиги последних лет -команды «МАЭК» и «ОзенМунайГаз».  Правильная тактика и мастерство футболистов должны были определить победителя турнира, интригу вносило и то, что ветераны «МАЭК» и «ОзенМунайГаз» уже играли друг с другом в подгруппе и тогда нефтяники были сильнее. 
      Желание выиграть турнир у ветеранов «МАЭК» были настолько высоки, что они с самого начала игры стали активно атаковать. Защита ОзенМунайГаза «поплыла».  При розыгрыше углового удара, великолепно сыграл нападающий «МАЭК», мастер спорта международного класса РК Вячеслав Кузин, который на опережении выскочил из-под защитника и точным ударом в дальний угол  вывел команду вперед. 
    Второй тайм проходил в непрерывных атаках «ОзенМунайГаз», но глухая защита и четкие действия вратаря команды энергетиков Амангали Едилова, не позволили нефтяникам сравнять счёт. В конце игры маэковцы провели несколько острых контратак, но увеличить счёт не смогли. Финальный свисток  судьи зафиксировал окончательный счет 1:0 в пользу команды ветеранов «МАЭК».
     После сыгранных матчей, генеральный директор энергокомбината Кайрат Абдрасилов поздравил участников кубка «МАЭК-Казатомпром» с проведенным праздником футбола и уверил всех, что этот турнир станет традиционным.
      Далее были вручены награды призерам турнира. Ими стали команды «МАЭК» (І место), «ОзенМунайГаз» (ІІ место) и «ММГ» (ІІІ место).
    Лучшим вратарем турнира признан Амангали Едилов из команды «МАЭК», лучшим защитником - Кайыр Хыдырмагамбетов («Каражанбас»), Айдос Туебаев из «ММГ» стал лучшим нападающим, лучший бомбардир в команде «Барс Ойл» Султан Акшабаков, а лучшим судьей-информатором определили Валерия Абаева. 
      За большой вклад в развитие и популяризацию футбола в Мангистау грамотой Областной федерации футбола был награжден игрок команды энергокомбината, его руководитель Кайрат Абдрасилов.
     За креативное освещение турнира в соц.сетях был удостоен грамоты Владимир Турков («Каражанбас»), а  за профессиональные фото и видеосъемки награды удостоен Игорь Хаперский («Мобил Сервис»).
      Турнир ветеранов, посвящённый 50-летию со дня основания ТОО «МАЭК-Казатомпром», впервые проведенный по схеме 8 * 8, оказал огромное влияние на борьбу, целеустремленность, результативность и процветание ветеранского футбола в регионе, с благодарность его устроителям, отметили участники соревнований.