19.04.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Пресс-тур өткізілді

    Қазан айында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-ның ақпараттық-әдістемелік орталығының мәжіліс залында ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті Маңғыстау облыстық департаментінің ұйымдастыруымен республикалық және жергілікті БАҚ өкілдерінің пресс-туры өткізілді. Кездесудің басты тақырыбы облыс орталығын жылумен қамту және жылу энергиясы мен ыстық су өндірісіне жасалған инвестициялық бағдарламаның орындалу нәтижелері туралы болды.
    Жиналғандар алдында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бас директорының экономика мәселелері жөніндегі орынбасары Қ.Қасымбеков, энергетикалық кәсіпорынның пайдалану жөніндегі департаменті директорының орынбасары С.Желқұшынов және т.б. спикерлер мәселені жан-жақты баяндап берді.
    Журналистер тарапынан көбірек көңіл бөлінген мәселе соңғы кездері қала тұрғындары тарапының наразылығын туындатқан пәтерлер құбырынан қара су ағуы болды. Сонымен бірге қаланың шағын аудандарына жылу беру жәйі де кеңінен сөз болды.
  Өзара түсіністік жағдайында өткен басқосуда журналистер өздерін толғандырған мәселелер жөнінде жан-жақты мәліметтер алды.
   Пресс-турды қортындылай келе табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті департамент директорының орынбасары Бақытжан Бекмұратов: «Мұндай жағдайлар жыл сайын қайталанып отырады, оған жылумен қамту жүйелерінің 70% көлемінде тозғандығы да себеп. Жүйеде ыстық суды айналымға түсіргенде дұрыс жуылмаған құбырлар бойынан лас суларды қосу басты себеп. Қалаға жылу беру 16 қазанда басталды, бекітілген кестеге сәйкес оны толықтай аяқтау 18 қазанға жоспарланған. Сол кезде қала түгелдей жылумен қамтамасыз етілетін болады»,- деді.

Проведен пресс-тур

      В октябре в зале заседаний информационно-методического центра ТОО «МАЭК-Казатомпром» по инициативе Мангистауского департамента комитета по регулированию естественных монополий, защите конкуренции и прав потребителей МНЭ РК состоялся пресс-тур для представителей республиканских и местных СМИ. Тема встречи - теплоснабжение областного центра, выполнение инвестиционной программы на производство тепловой энергии и горячей воды.

       Спикерами совещания выступили заместитель генерального директора ТОО «МАЭК-Казатомпром» по экономическим вопросам К.Касымбеков, заместитель директора департамента по эксплуатации энергопредприятия С.Желкушинов и др.

    Основной вопрос, интересующий журналистов, был связан с причиной поступления в квартиры жителей Актау грязной горячей воды, т.к. в последнее время участились жалобы со стороны населения по этому поводу. Также был затронут вопрос скорейшей подачи тепла в микрорайоны города.

       В ходе доверительной беседы журналисты получили исчерпывающие ответы на все поставленные вопросы.

   Пресс-тур подытожил заместитель директора департамента комитета по регулированию естественных монополий Б.Бекмуратов: «Такая история повторяется из года в год, так как около 70% сетей теплоснабжения изношены. Когда начался период промывки сети и ее циркуляции, вода стала грязной. Подключение тепла началось 16 октября, закончить работы планируют 18 октября. К этому времени весь город, предположительно, будет подключен к системе отопления».