28.03.2024 күнгі радиациялық фон

Экспозициялық дозаның қуаты

0,07-0,10 мкЗв/сағ

Баспасөз қызметі

+7 7292 562 121

maek@maek.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сенім телефоны

+7 7292 564 266

maekhotline@maek.kz

Жалпыүйлік қажеттілік төлемін төмендетеміз

   «Қала тұрғындарын көбірек толғандыратын мәселелердің бірі жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалатын төлемдер көлемінің көптігі. Әрине, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 35-бабының 2-тармақшасында «үй-жайдың меншік иелері үйдің ортақ мүліктерін күтіп ұстауға және басқа да қажеттіліктеріне шығатын шығындарды төлеуге үлес қосуға міндетті» деп көрсетілгендіктен үй қажеттілігіне пайдаланылған энергия ресурстары мен суға меншік иесі боп есептелетін тұрғындар төлем төлеуге тиіс екенін түсінеміз.
    Алайда, біздің қала жағдайында жалпыүйлік қажеттілікке төленетін төлем көлемі әрдайым қомақты боп келеді. Бұл төлем көлемінің өсуіне үйдегі  энергиямен жабдықтау жүйелеріне өзге тұтынушылардың жасырын қосылуы, жертөлелер мен кіреберістерге, үй маңайын жарықтандыруға жоғары қуатты прожекторлар мен шамдар қолданылуы, жеке пәтер иелерінің энергия есептеу құралдарының көрсеткіштерінің әртүрлі мерзімдерде тапсырылуы т.б. факторлардың әсер етері сөзсіз.
  Осы мәселені 13-шағын аудандағы «Престиж» тұрғын-үй кешені тұрғындарымен бірлесе отырып бұл үйді энергияны тиімді пайдалану нәтижесінде жалпыүйлік қажеттілік шығындарын азайтып қаланың басқа тұрғындарына үлгі ретінде көрсетейік деп шештік»,һ дейді үйді өз басқаруына алған «Ақтау-Аманат» басқарушы компания директоры Қайырғали Қалмұханов.
   Ойға алған бастамасын жүзеге асыру үшін басқарушы компания алдымен қаланың коммунальдық қызмет көрсету мекемелерімен келісім шарт жасай отырып үйдегі барлық коммуникациялық жүйелерді ретке келтірді. Әрқайсысының қуаты 500 ваттық үй маңайын жарықтандыруға арналған прожекторлар күн жарығынан қуат алатын фонарлармен алмастырылды, кіреберістер мен жертөле шамдарына да күн сәулесінен алынатын қуат көздерін пайдалану жолдары қарастырылуда.
      Жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалатын шығындарды азайтудың тағы бір жолы ретінде Басқарушы компания параметрлер көмегімен есеп жасайтын арнайы компаниядан құнын бөліп төлеуге келісе отырып ауа райының жағдайына қарай белгіленген бағдарлама бойынша автоматты түрде жылу жүйесіндегі өзгерістерді реттеп отыратын құрал (СУАПР) мен нақты пайдаланылған жылу көлемін есептеп қашықтықтан мәлімет беретін жылу есептегішін сатып алып орнатып жатыр. Енді бұл құрылғылар ауа райының өзгерістеріне сәйкес жылу беру жүйесіндегі үйге берілетін жылу температурасын реттеп отырады. Нәтижесінде тұрғындар ендігі жерде жылу энергиясының нақты пайдаланылған көлеміне ғана төлем төлеуге қол жеткізетін болады.
     Қазіргі кезде үй астындағы паркингте үйге берілген су көлемін коммерциялық есептеу автоматтық жүйесі (АСКУ) орнатылуда. Дәл сондай әрбір пәтерге берілген су көлемін қашықтан өлшейтін модульдік жалғамасы бар құрылғылар  пәтерлерге де орнатылып жатыр. Мамандардың айтуынша бұл сумен жабдықтауда судан жалпыүйлік қажеттілік шығынын болдырмауға қол жеткізбек.
    Сондай-ақ, «Ақтау-Аманат» басқарушы компаниясы «Ақтау электр желілері басқармасы» қалалық коммунальдық кәсіпорны мен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-на қарасты Есептеу-кассалық орталығы мекемелерімен бірлесе отырып электр энергиясын коммерциялық есептеу автоматты жүйесін (АСКУЭ) орнатып іске қосуды да бастап кетті. Бұл үйге орнатылған жалпыүйлік есептеу құралы мен жеке пәтерлердегі есептеу құралдарының көрсеткіштерін бір мезгілде алуға мүмкіндік бермек. Алайда, әзірге жеке пәтерлерге мұндай қондырғыны алып қондыру таяу келешектің еншісінде болғандықтан Басқарушы компания тұрғындар өкілі ретінде жалпыүйлік есептеу құралдарының көрсеткіштерін алу комиссиясы құрамына кіріп қатысып және пәтерлердегі жеке есептеу құралдары көрсеткіштерін сол күндері жинап есептеу-кассалық орталығына жеткізуді өз міндетіне алып отыр.
«Біз коммунальдық қызмет үшін төлемдерді нақтылау мерзімі туды деп санаймыз. Үйді басқаруда энергияны тиімді пайдаланудың барлық әдістерін қолға алуымыз керек. Уақыт талабы сондай. Біздің осы үйіміз қаладағы энергияны тиімді пайдаланудың үлгісін көрсететін үй болмақ,»- дейді «Ақтау-Аманат» басқарушы компаниясының директоры ертеңгі күнге деген нық сеніммен.
 
                   Қ.Нұржаубайұлы, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС
                                                 баспасөз қызметі

Снизим ОДН до минимума

    Один из обсуждаемых вопросов среди горожан – это оплата за общедомовые нужды (ОДН). Естественно, за пользование энергоресурсами и водой на общедомовые нужды должны платить собственники помещений (квартир), т.е. жители дома, как предписывает п.2 ст.35 Закона РК «О жилищных отношениях», который гласит: «Собственники помещений обязаны участвовать во всех расходах на содержание общего имущества и дома…».

     Но, в нашем случае, объем, предъявляемый к оплате на общедомовые нужды, велик. Понимаем, что этому способствуют несколько факторов, такие как, несанкционированное подключение к сетям сторонних потребителей, использование энергоемких приборов освещения придомовых участков и подъездов, не единовременная передача показаний индивидуальных приборов учета и т.д.

  «Обсуждая этот вопрос вместе с жителями ЖК «Престиж», что в 13 микрорайоне, мы решили принять меры по снижению ОДН, т.е. применить энергоэффективные методы управления на примере одного дома и показать результат другим жителям», - говорит директор Управляющей компании  «Актау-Аманат» Каиргали Калмуханов.

     Первым делом Управляющая компания заключила договоры с коммунальными службами города и приводит в порядок все коммуникационные сети в доме. Заменили прожекторы, предназначенные для освещения при дворовой площади мощностью 500 ватт каждый, на прожекторы, получающие заряд от солнечного света. В настоящее время ведется работа по освещению подъездов аналогичным способом.

     Для достижения экономии расходов ОДН, у специализированной компании, которая производит расчеты по параметрам, Управляющей компанией в рассрочку был приобретен смесительный узел автоматического погодного регулирования (СУАПР), предназначенный для автоматического регулирования по заданному алгоритму процессом потребления тепловой энергии в системах отопления, а также теплосчетчики с дистанционной передачей показаний для учета фактического потребленного тепла.  Теперь эти приборы будут реагировать на погоду и, регулировать температуру воды, подаваемую в дом. Таким образом, жители будут платить только за фактически полученное и потребленное тепло.

   В настоящее время в помещении паркинга дома устанавливается общедомовой прибор автоматической системы коммерческого учета воды (АСКУ). Аналогичные приборы с модульным приложением передачи данных всех видов водоснабжения начали устанавливать также в каждой квартире жилого дома. По словам специалистов, таким образом, реально избежать оплаты за ОДН по воде.

    Так же Управляющая компания «Актау-Аманат» начала установку и запуск общедомовой автоматической системы коммерческого учета электроэнергии (АСКУЭ) с участием АУЭС и РКЦ для одновременной дистанционной передачи показаний индивидуальных и общедомового приборов учета.

   А пока Управляющая компания намерена присутствовать при снятии показаний с общедомового прибора учета и осуществить сбор показаний индивидуальных приборов всех жителей дома для одновременной передачи их в РКЦ.          

    «Мы считаем, что прошло время переплаты за коммунальные услуги. Сейчас встала необходимость применять энергоэффективные методы управления. Надо идти в ногу со временем. Этот дом будет самым энергоэффективным домом в городе», - говорит с энтузиазмом директор Управляющей компании  «Актау-Аманат».

                        К.Нуржаубайулы, пресс-служба ТОО «МАЭК-Казатомпром»