МАЭК

Мемлекеттік тіл байқауы

      Ақтауда қалалық өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істейтін өзге ұлт өкілдері арасында мемлекеттік тіл білгірлерінің «Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты байқауы өтті. «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС-інен Александр Агарков (БН-350) және Светлана Лелетко (ТҚП фельдшері) қатысты.
     Биыл сайысқа қатысуға 5 жұмысшыдан өтінім келіп түсті. Байқау бірнеше кезеңнен тұрды. Олардың әрқайсысында жастар өзі және өз жұмысы туралы айтып, сұрақтарға жауап беріп, оқыған мәтінінің мазмұнын айтып, қазақ мақал-мәтелдерінің мағынасын түсіндірді. Латын әліпбиінде жазылған сөйлемдерді оқыды және суретте бейнеленген Маңғыстаудың белгілі жер атауларын тауып айтты. Сонымен қатар, сөз тіркестеріне сәйкес келетін сөздерді орындарына қою керек еді. Байқаудың соңында қатысушыларымыз өздерінің вокалдық, хореографиялық және көркем оқу жанрында қабілеттері мен талантын көрсетуі қажет болды.
    Қазылар алқасы өзге этнос өкілдерінің қазақ тілін қаншалықты терең білетіндігін, олардың  Маңғыстау тарихы мен мәдениетіне деген көз қарасы мен қалыптасқан құрметін бағалады.
      «Бүгін біз қатысушыларымыздың қазақ тілін жақсы меңгергендігіне куә болып отырмыз. Байқауға қатысып, өз білімдеріңізді қорықпай сынға салғандарың үшін өте ризамыз. Сіздерге мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылығыңыз бен ниетіңіздің арта түсуін тілейміз. Тұрған жеріміздің тілін, салт-дәстүрін, мәдениетін білу, үйрену өте маңызды және абройлы іс»- дейді шараны ұйымдастырушылар - Ақтау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қызметкерлері. 
      Барлық сайысқа қатысушылар дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкері Георгий Семчев байқаудың жеңімпазы атанды. Екінші орынды «МАЭК-Казатомөнеркәсіп» ЖШС қызметкерлері Александр Агарков пен «Қазмотрансфлот» НМСК» ЖШС-нен Олеся Краснова бөлісті. Комбинаттың Денсаулық сақтау пунктінің фельдшері Светлана Лелетко және «Қазақтелеком» АҚ байланысшысы Анатолий Чебоков құрметті үшінші орынға ие болды.
 
Конкурс на знание языка

        В Актау прошел конкурс знатоков государственного языка «Мемлекеттік тіл – менің тілім» среди представителей других национальностей, работающих в городских производственных предприятиях. ТОО «МАЭК-Казатомпром» в нем представляли Александр Агарков (БН-350) и Светлана Лелетко (фельдшер ЗПП).
      В этом году заявки на участие поступили всего от 5 рабочих. Конкурс прошел в несколько этапов. На каждом из них молодые люди рассказывали о себе и своей работе, отвечали на вопросы и перессказывали содержание текстов, объясняли значение казахских пословиц и поговорок, читали предложения по новому правописанию на основе латинской графики и угадывали по картинкам названия известных мест Мангистау. Необходимо было также вставить подходящие по смыслу слова в словосочетания, а в заключении продемонстрировать свои способности и таланты в вокальном, хореографическом или жанре художественного чтения.
      Жюри оценивало, насколько глубоки языковые познания представителей некоренных этносов, формирование уважительного их отношения к культуре и истории Мангистау.
       «Сегодня каждый из вас продемонстрировал хорошие знания. Мы очень благодарны вам за участие в конкурсе. Желаем вам больше стремления и рвения к изучению государственного языка. Уверены, что знание языка, традиций и культуры очень важно и престижно», - говорят организаторы мероприятия - работники Актауского городского отдела культуры и развития языков.  
     Все участники были награждены дипломами и ценными призами. Победителем конкурса стал сотрудник АО «Мангистаумунайгаз» Георгий Семчев. Второе место поделили работники ТОО «МАЭК-Казатомпром» Александр Агарков и Олеся Краснова из ТОО «НМСК «Казмотрансфлот».  Фельдшер здравпункта энергокомбината Светлана  Лелетко и связист АО «Казахтелеком» Анатолий Чебоков стали обладателями почетного третьего места.

 

logo.png
МАЭК-Казатомпром
Сделаем мир светлее!

АДРЕС

ТОО "МАЭК-Казатомпром" Мангистауская область, г.Актау, Промзона 7, здание 65
e-mail: maek@maek.kz

Search