Ду 250 ауыз су құбыры, Ду 300 ауыз су құбыры.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС Мұнайлы ауданының тұтынушыларын ауыз сумен жабдықтау бойынша үздіксіз қызмет көрсету үшін осы құбырларды пайдалану шартымен ұзындығы 3 420 п. м. және ұзындығы 870 п. м. (Маңғышлақ ст. – ОСЖТ 1 автожолынан) жер асты Ду 250 (85 "б" ысырмасынан – Маңғышлақ станциясына автожолға дейін) ауыз су құбырларын (әрі қарай – мүлік) бірыңғай лотпен өткізу бойынша қайталама сауда- өткізу туралы келесі кестеге сәйкес өткізілетінін хабарлайды:

Атауы

Түгендеу нөмірі

Объектінің атауы

Бастапқы құны (теңге)

1

Ду 250 ауыз су құбыры

72635

Ду 250 жер асты (артқы жағы 85б. Маңғышлақ станциясына дейінгі жол) ұзындығы 3 420 п. м.

7 333 027

2

Ду 300 ауыз су құбыры

Ду 300 жер асты (а/д – дан ОСЖТ 1-ге дейін) ұзындығы 870 п. м

1 865 419

Барлығы:

9 198 446

 

Лот үшін ең жоғары бағамен және ауыз су құбырларын пайдалану шарттарын міндетті түрде сақтай отырып ұсынылған өтінімдер неғұрлым тиімді деп танылады.

Ең тиімді деп ең жоғары бағамен ұсынылған шарттар танылады.

Сауда-саттыққа келесі құжаттарды ұсынған барлық әлеуетті сатып алушылар жіберіледі:

- уәкілетті тұлғаның қолымен және мөрімен бекітілген болжамды бағамен қатысуға өтінім (коммерциялық ұсыныс);

- қатысушының жеке басын растайтын құжаттар (жеке тұлға үшін);

- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (заңды тұлға үшін);

- жеке кәсіпкер куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- құрылтайшылар туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар: заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген заңды тұлға жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі; стандартты жарғы негізінде тіркелген заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны тіркеу туралы белгіленген нысандағы өтініштің көшірмесі (консорциум қатысқан жағдайда консорциумға кіретін әрбір заңды тұлға жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады), сауда-саттық өткізілетін күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде берілген акциялар ұстаушылардың тізілімінен үзіндінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- үшінші тұлғаның атынан осы іске қатысуға құқығын растайтын құжат (сенімхат);

Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: 130000, Ақтау қаласы, Өндірістік аймақ, 248 а/ж, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 201 ғимарат комбинат басқармасының кеңсесі.

Өтінімдер «Ауыз су құбырларын бірыңғай лотпен сату бойынша сауда-саттық» деген белгімен, әлеуетті сатып алушының толық атауы мен пошталық мекен- жайы бар конвертте жабық түрде ұсынылады,

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі-2017 жылғы 26 желтоқсан жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін.

Өтінімдер 2017 жылғы 27 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС басқарма ғимаратының № 100 кабинетте қаралатын болады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7292) 56-40-91.

logo_kz_s.png

МАЭК-Қазатомөнеркәсіп
2020 ж.