«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС бастапқы бағасы 60 м. куб. СД 0023 кеңейткіш багын сату бойынша сауда-саттық өткізу туралы хабарлайды:

п/п

Атауы

Түгендеу нөмірі

Саны

Шығарылған жылы

Жалпы құны (теңге)

1

СД 0023

кеңейткіш багы,

көлемі 60 м. куб.

83587

1

1979

960 000

Ең тиімді баға мен сатып алу шарттарын ұсынған сауда-саттыққа қатысушы жеңімпаз болады.

Ең тиімді деп ең жоғары бағамен ұсынылған шарттар танылады.

Сауда-саттыққа келесі құжаттарды ұсынған барлық әлеуетті сатып алушылар жіберіледі:

- уәкілетті тұлғаның қолымен және мөрімен бекітілген болжамды бағасы бар қатысуға өтінім (коммерциялық ұсыныс);

- қатысушының жеке басын растайтын құжаттар (жеке тұлға үшін);

- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (заңды тұлға үшін);

- жеке кәсіпкер куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі

- құрылтайшылар туралы мәліметтер бар құжаттар: заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген заңды тұлға жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі; типтік жарғы негізінде тіркелген заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны тіркеу туралы белгіленген нысандағы өтініштің көшірмесі (консорциум қатысқан жағдайда консорциумға кіретін әрбір заңды тұлға жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады), сауда-саттық өткізілетін күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзіндінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- үшінші тұлғаның атынан осы іске асыруға қатысу құқығын растайтын құжат (сенімхат);

- әкету шарттары сатып алушының күшімен жүзеге асырылады.

Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Өнеркәсіптік аймақ 7, 65 ғимарат, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС комбинат басқармасының кеңсесі.

Өтінімдер конвертте жабық түрде ұсынылады, мұнда алдыңғы бетінде «СД кеңейткіш багын сату бойынша сауда-саттық 0023» деген белгісі бар әлеуетті сатып алушының толық атауы мен пошталық мекен-жайы көрсетіледі.

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі 2018 ж. «19» қыркүйек жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін.

Өтінімдер 2018 ж. «20» қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС басқармасының ғимаратында № 100 кабинетте қаралатын болады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7292) 564-091.

logo_kz_s.png

МАЭК-Қазатомөнеркәсіп
2020 ж.