«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС төмендегі кестеге сәйкес бастапқы (бастауыш) құны бар жер учаскелерін сатып алу жөніндегі қайта сатып алу жүргізу туралы жариялайды:

р/с

Атауы

Кадастар нөмірі

Бастапқы құны (теңге)

1

Ауданы 0,2000 га № 5 жер учаскесі (12Аш/а).

13 200 020 163

35 599 000

2

Ауданы 0,1900 га ЖСҚ (жобалау-сметалық құжаттама) жер учаскесі № 1/1 (6А ш/а).

13 200 020 163

33 819 000

Ең тиімді баға мен сатып алу шарттарын ұсынған сауда-саттыққа қатысушы жеңімпаз болады.

Ең тиімді деп ең жоғары бағамен ұсынылған шарттар танылады.

Сауда-саттыққа келесі құжаттарды ұсынған барлық әлеуетті сатып алушылар жіберіледі:

- уәкілетті тұлғаның қолымен және мөрімен бекітілген болжамды бағамен қатысуға өтінім (коммерциялық ұсыныс);

- қатысушының жеке басын растайтын құжаттар (жеке тұлға үшін);

- заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе тіркеуші орган берген заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы анықтама (заңды тұлға үшін);

- жеке кәсіпкер куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- құрылтайшылар туралы мәліметтерді қамтитын құжаттар: заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген заңды тұлға жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі; Типтік жарғы негізінде тіркелген заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны тіркеу туралы белгіленген нысандағы өтініштің көшірмесі (консорциум қатысқан жағдайда консорциумға кіретін әрбір заңды тұлға жарғысының нотариалды куәландырылған көшірмесі ұсынылады), сауда-саттық өткізілетін күнге дейін 30 (отыз) күнтізбелік күннен аспайтын мерзімде берілген акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзіндінің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

- үшінші тұлғаның атынан осы іске асыруға қатысу құқығын растайтын құжат (сенімхат);

Сауда-саттыққа қатысуға өтінімдер мына мекен-жай бойынша қабылданады: 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 7 өнеркәсіп аймағы, 65 ғимарат, комбинат басқармасы, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС кеңсесі.

Өтінімдер конвертте желімделген түрде ұсынылады, онда алдыңғы жағында «Жер учаскелерін сату бойынша қайталама сауда-саттық» деген белгісі бар әлеуетті Сатып алушының толық атауы мен пошталық мекен-жайы көрсетіледі.

Өтінімдерді берудің соңғы мерзімі - 2018 жылғы «17» тамыз жергілікті уақыт бойынша сағат 16.00-ге дейін.

Өтінімдер 2018 жылғы «20» тамыз жергілікті уақыт бойынша сағат 10.00-де «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС басқармасының ғимаратында № 100 кабинетте қаралатын болады.

Қосымша ақпарат пен анықтаманы мына телефон арқылы алуға болады: 8 (7292) 564-091.

logo_kz_s.png

МАЭК-Қазатомөнеркәсіп
2020 ж.