«Маңғыстау Атом Энергетикалық Комбинаты – Қазатомөнеркәсіп» ЖШС

Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты (МАЭК) 1968 жылы 1 шілдеде өз алдына жеке кәсіпорын болып құрылды. Кәсіпорын өңірдегі өндіріс аймақтарын және тұрғындарды электр энергиясымен, жылумен және сумен қамтамасыз етеді.

Кәсіпорында 3 645 жұмысшылар мен мамандар қызмет етеді.

Комбинат құрамында үш электр станциясы (ЖЭО-1,ЖЭО-2, ЖЭС), Дистиллят өндіру және өнеркәсіптік жылумен жабдықтау зауыты, Жөндеу зауыты, Желілер мен қосалқы станциялар цехы, БН-350 реактор қондырғысы (1999 жылдан бастап қолданыстан шығару жұмыстары жүргізілуде) бар. Бұлардан басқа «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС құрылымына кәсіпорынның негізгі технологиялық жұмыстарын қамтамасыз ететін 11 өндірістік учаске мен қосалқы цех кіреді.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 2019 жылдың 14 қарашасынан бастап мемлекет меншігінде.

МАЭК өндірістік қызметті жүргізуге мүмкіндік беретін барлық тиісті лицензиялармен қамтамасыз етілген. Комбинатта объектілердің энергетикалық және өзге де жабдықтарын сенімді және апатсыз пайдалануға және қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндіктері мол, біліктіліктері мен білім деңгейі жоғары тәжірибелі мамандар еңбек етуде.

МАЭК тарихының жылнамасы

ЖҚСЦ

бірінші дизельдік электр станциясы іске қосылды

1962 г.

1962 г.

ЖЭО-1

алғашқы турбоагрегаттар іске қосылды

ТӨБҚ

тәжірибелік-өнеркәсіптік буландыру қондырғысы алғашқы тұщы суды берді

1963 г.

1964 г.

БН-350

жылдам нейтронды атом реакторының құрылысы басталды

ЖЭО-2

құрылысы басталды

1966 г.

1967 г.

ӨБҚ

өнеркәсіптік буландыру қондырғысы дистиллят шығара бастады

ЗПД

алғашқы бескорпустық батареялар пайдалануға берілді

1968-1970 жж.

1968 г.

Маңғышлақ энергия зауытының құрылуы

ЖЭО-2

бірінші кезегі енгізілді, ал 1985 ж. құрылыс толық аяқталды

1968 г.

1968 г.

ӨСЖН

өнеркәсіптік сумен жабдықтау нысаны құрылды

БН-350

реакторлық қондырғысын физикалық іске қосу жүргізілді

1972 г.

1973 г.

БН-350

реакторлық қондырғысының энергетикалық іске қосылуы жүргізілді

(МАЭК)

Маңғышлақ  атом энергетикалық комбинатының құрылуы (МАЭК)

1978 г.

1984 г.

ТЭС

екі блок қолданысқа берілді

БН-350

Қазақстан Үкіметі БН-350 реакторлық қондырғысын қолданыстан шығару туралы шешім қабылдады

1999 г.

2003 г.

МАЭК

Кәсіпорын «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» ЖАҚ құрамына өтіп «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС болып құрылды

МАЭК

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС 100 % жарғылық капиталы «Самұрық-Қазына» АҚ тиісті болды

2018 г.

2019 г.

МАЭК

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС ҚР Энергетика министрлігінің басқаруына берілді

logo_kz_s.png

МАЭК-Қазатомөнеркәсіп
2020 ж.