Персональные инструменты
Вы здесь: Главная Пресс-центры Архив новостей Жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалатын энергия

Жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалатын энергия

— Категория

2016 жылдың маусым айынан бастап «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС есептеу-кассалық орталығы техникалық үзілістерден кейін көп қабатты үйлердегі жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалатын электр энергиясының көлеміне төлемақы есептеуді қайта қолға алды.

           Осыған байланысты бұл мәселе төңірегінде әртүрлі сұрақтар туындауы әбден мүмкін. Сол себепті жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалатын электр энергиясы көлеміне төлемақыны есептеу және оған қандай тараптардың жауапкершілігі болатындығын жұртшылыққа түсіндіруді қажет деп санаймыз.

                         Жалпыүйлік қажеттілік және оған жұмсалған энергияны кім төлейді?

             Мәселеге тоқталмас бұрын қаладағы көп қабатты үйлерге меншік түрлерін еске сала кеткеніміз жөн. Еліміз кеңестік қоғамнан ажыратылған кезде көп қабатты үйлер мемлекет меншігінен тұрғындардың меншігіне көшірілді. Оның пәтерлері тұрғындардың әрқайсысына жеке меншікке берілсе, үйдің бөліп алуға келмейтін, бірақ пәтерлерге энергоресурстарды жеткізетін желілері, кіреберістері мен баспалдақтары, т.б. бөліктері ортақ меншікке, яғни осы кезден санамызға сіңісті бола бастаған кондоминиум меншігіне берілді.

            Міне, осы көп қабатты үйлердің галереялары мен кіреберістері, баспалдақпен көтерілу алаңдары, жертөлесі мен шатырдағы жабық орындарды, есік алдындағы алаңшаларды  жарықтандыру, лифтілерді қозғалту, домофондар мен антен күшейткіштерге, интернет жүйелері мен су айдайтын сорғыларға т.б. тұрғындардың ортақ  меншігіндегі электр энергиясын пайдаланатын жабдықтарға берілетін энергия күші жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалған электр энергиясы болып табылады. Осы айтылған жабдықтарсыз әркімнің жеке меншігіндегі пәтерлерде өмір сүруге қолайлы комфорттық жағдай болуы да мүмкін емес.

            Қазақстан Республикасы «Тұрғын-үй қатынастары туралы» Заңның 50-бабынасәйкес бөлмелердің (пәтерлердің) иелері кондоминиум объектісінің ортақ меншіктегі бөліктерін ұстап-тұтуға қажетті шығындарды бөлісіп төлеуге міндетті.

             Осы заңның 2-бабының 15-1-тармағына сәйкес көп қатарлы үйлердегі өз меншігіндегі бөлігінің (пәтерінің) үлесіне қарай     ортақ меншікті ұстап тұруға қажетті, оның ішінде үйдің ортақ бөліктерін жарықтандыруға, лифтілер жұмысына т.б. қажеттіліктерге жұмсалатын электр энергиясы да бар, шығындарды төлеу тұрғындардың міндеті болып табылады.

            Осы баптарды басшылыққа ала отырып көп қабатты үйлердің тұрғындары өз үйлеріне  қызмет көрсететін  мекемелерге (ЖК, ЖШС, ПИК т.б.) төлейтін қызмет ақыларынан басқа жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалатын электр энергиясының ақысын МАЭК-тің есептеу-кассалық орталығына да төлеуге тиіс.

                    Жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалатын электр энергиясын есептеу тәртібі    

            Заңдарымызда көзделген ережелерден басқа көп қабатты үйлердегі жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалатын электр энергиясына төлем есептеу тұрмыстық тұтынушыларды электрмен қамту жөніндегі жария шарт негізінде жүзеге асырылады.

            Жария шарт тұрғындарға өздерінің жалпы жиналысы шешім негізінде жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалған энергияны пәтер ауданына қарай немесе әрбір пәтердегі тұрғындар санына бөлу жолымен есептеу тәсілін өздері таңдау құқын береді.

            Сонымен қатар, жария шарт  жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалған энергияға төлемақы төлеу жолын да көпшілік дауыспен тұрғындардың өздері таңдауға мүмкіндік береді. Оның екі түрлі жолы бар:

           пәтер иелері осы мақсаттағы өз үлесін жеке пәтерінде тұтынған электр энергиясы үшін берілетін есеп айырысу шотында бөлек көрсету арқылы есептеу-кассалық орталығына тікелей төлеу;

  • үйлеріне қызмет көрсететін кондоминиумның басқару органдары (ЖК,ПИК,ЖШС т.б.) арқылы төлеу.

              Тұрғындар бұл мәселені өздерінің жалпы жиналысында қарап шешіп, қабылдаған шешімдерін хаттама толтырып, МАЭК-тің есептеу-кассалық орталықтарына тапсыруы тиіс.

                Егер, пәтер иелерінің жалпы жиналысы жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалатын электр энергиясының төлемін өз үйлеріне қызмет көрсетуді тапсырған кондоминиумның басқару органдары арқылы жүзеге асыруды таңдаса, ол мекеменің сметалық құжаттары мен төлем төлеу шоттарының түбіртектерінде «жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалған электр энергиясы» бөлек графамен көрсетілуі қажет.

                Аталған төлемақы төлеу жолдарының қайсысы таңдалса да жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалатын электр энергиясының құнын тұрғындар төлейді.

                Кондоминиум объектілерін басқару органдары (ЖК,ЖШС, ПИК т.б.) тұрғындардың қаладағы коммуналдық қызмет көрсететін мекемелермен жұмыс жүргізуге сенім білдірген өкілдері болып табылады да, сол себепті олар тұрғындар мен МАЭК-тің есептеу-кассалық орталығымен арадағы жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалған электр энергиясының төлемақысын төлеуді реттеп отыруға міндетті болып табылады.

                Ал, тұрғындар МАЭК-тің есептеу-кассалық орталығымен мұндай келісім-шарт жасауды кондоминиум объектісін басқару органына жүктемесе жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалған электр энергиясының ақысын әрбір пәтер иесі МАЭК-тің есептеу-кассалық орталығына тікелей төлейтін болады.

                Тұрғындар жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалған электр энергиясы үшін төлемді есептеу-кассалық орталығына тікелей төлейтін болса, олардың арасындағы қатынас электрмен қамту жөніндегі жария шарт негізінде жүзеге асырылады, осы мақсатта қарыз пайда болған жағдайда сол үйдегі әрбір пәтер иесіне жеке жауапкершілік жүктеледі.

                Бұл төлем кондоминиум объектісін басқаруға алған орган арқылы төленетін болып шешілсе тұрғындар мен МАЭК арасындағы қатынас осы басқару органы мен МАЭК арасында жасалған келісім шарт негізінде жүзеге асады да, қарыз пайда болған жағдайда электр энергиясын айыру көп қабатты тұрғын үйге берілетін тұстан жасалып, кіреберіске, галереяға, лифтіге т.б. электр энергиясын тұтынатын жабдықтарға қуат беру тоқтатылады.

                Мына жағдай әрбір тұрғынның есінде болуы керек, төлемақы төлеу қандай жолмен жасалса да жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалатын электр энергиясын тұтынатын кондоминиум басқару органы емес, сол үйдің тұрғындары, сондықтан да электр энергиясының төлемақысы уақтылы төленуіне үй тұрғындарының әрқайсысы да өз жауапкершіліктерін сезінуі тиіс.

     

                       Жария шарт бойынша жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалатын

                                  электр энергиясының көлемі қалай анықталады?

     

                Біріншіден, көп қабатты үйге берілетін электр энергиясының көлемі сол үйге электр желісі енген шекарада орнатылған тексеруден өткізіліп сертификатталған жалпыүйлік электр есептеу құралымен өлшенеді.

                Осы электр есептегіш құралының көрсеткіштері МАЭК-тің есептеу-кассалық орталығы мен «АУЭС» қалалық коммуналдық кәсіпорны өкілдері және кондоминиум басқару органы өкілінің бірлесіп қатысуымен тексеріліп алынады. Айта кету керек, тараптардың бірінің есептеу құралының көрсеткішін алу шарасына қатыспай қалуы бұл істе кедергі бола алмайды. Тексеру барысында алынған жалпыүйлік есептеу құралының көрсеткіші тараптар өкілдері қол қойған актіде көрсетіледі де, осы акті негізінде тұтынушыларға жіберілген электр энергиясының көлемін айқындауға негіз болады.

                Объектілері көп қабатты үйлерде  орын тепкен заңды тұлғалардың өз балансындағы электр желілері бөлектеніп актісі жасақталған болса көп қабатты үйдің қажеттілігіне жұмсалған электр энергиясын есептеген кезде мұндай тұтынушыларға берілген электр энергиясы жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалған энергия есебіне енгізілмейді. Өйткені, бұл объектілер энергиямен жабдықтаушы мекеменің электрмен жабдықтау жүйесіне бөлек кабельмен  жалғастырылады.

                Екіншіден, көп қабатты үйдегі пәтерлердің есептеу құралдары көрсеткіштері мен есептеу құралдары жоқ пәтерлердің белгіленген нормаға сай тұтынған энергиясының қосылған жиынтық көлемі мен жалпыүйлік есептеу құралының көрсеткіші арасындағы айырма жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалған энергия болып табылып сол үйдің тұрғындарына бөлініп есептеледі. Осылайша, жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалған энергия көлемі сол тұрғын үйге берілген электр энергиясы көлемінен алынып отырған нақты есеп боп табылады.

     

                Жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалған электр энергиясының көлемі шамадан

                              тыс көп боп шыққанда тұтынушылар не істеуі керек?

     

                Жекелеген тұтынушылар осындай жағдай орын алғанда ең алдымен МАЭК-ті кінәлауға даяр тұрады, ал, онысы, шындығында дұрыс емес.  Өйткені, көп қабатты үйге берілген электр энергиясын тұтынатын сол үйдің тұрғындары, өз кезегінде олар үйдің барлық жүйелерінің қалыпты жұмыс жасауы жауапкершілігін өздері таңдаған немесе сайлаған кондоминиумның басқару органына, мысалы, пәтер иелерінің кооперативіне (ПИК) жүктеген. Ендеше жауапкершілік осы мекемеден сұралуы тиіс. Пәтер иелерінің кооперативі үйдегі ток қабылдағыштардың қалыпты жұмысын ұйымдастырып, энергия тасымалдаушы мекемемен қатынасты қалыптастырып көп қабатты үйлердің үй ішілік желісіне қосылған объектілердің техникалық шарттарды мүлтіксіз сақтауына бақылау жасауға міндетті. Себебі, үй ішілік желіге сырттан қосылатын тұтынушылар сол үйдің тұрғындарының немесе кондоминиумның басқару органының рұқсатымен ғана жүзеге асырылады.

                Өкінішке орай кейбір кондоминиум басқару органдары үй тұрғындарының өздеріне беріп қойған өеілдіктері бола тұра бұл іске немқұрайдылық танытады. Пәтер иелері кооперативі үй іші мен айналасын жарықтандыру және энергияны үнемдеу, жалпыүйлік меншік аймағындағы жөндеу-монтаждау істеріне бақылау орнатып отыруға тиіс. Мысалы, шатырға антен күшейткіштерін, басқа да құрылғыларын орнататын ұялы телефон байланысы операторлары, кіреберіске домофон құратын және үй қабырғаларындағы жарнамаларына жарық бергіш қондырғылар т.б. мекемелер пәтер иелері кооперативінің тікелей бақылауымен жұмыс жүргіуі қажет.

                Жалпыүйлік электр желілеріне рұқсатсыз қосылуға жол бермеу де пәтер иелері кооперативтерінің тікелей міндеті болып табылады.

     

                                                 МАЭК неге мүдделі?

     

                МАЭК, әрине, коммуналдық қызметтер үшін уақтылы және толық көлемде есеп айырысып отыруға мүдделілік танытады. Оны жүзеге асыру үшін пәтер иелері кооперативтері мен «АУЭС» қалалық коммуналдық кәсіпорнына көп қабатты тұрғын үйлердегі есептің дұрыс жүргізілуіне қалыпты жағдай туғызу мәселелеріне өз компетенциясы шеңберінде  жан-жақты көмегін де көрсетеді. Коммуналдық қызметтер үшін төлем төлеу ісіне адал тұтынушылар мүддесін қорғау мақсатында МАЭК өз тарапынан біршама нақты қадамдарға барып отыр. Мәселен, жалпыүйлік қажеттілік үшін жұмсалған электр энергиясының көлемі шамадан тыс көбейіп кеткен жағдайда комбинат басшылығы ондай көп қабатты тұрғын үйлерді дәл сондай санаттағы, өзімен бірдей жарақтандырылған үйлермен салыстыра отырып жалпыүйлік қажеттілік үшін төлем көлеміне арнайы шектеулер енгізді.  Ол шектеу тиісті мекемелердің көп шығынға ұшырауын анықтау мақсатында желілерге тексеру жұмыстары аяқталғанша қолданылады. Бірақ, мұндай үй тұрғындары жалпыүйлік қажеттілікке жұмсалған энергияға Энергиямен қамту жария шарты белгілегеннен басқа жолдармен төлеуді таңдаған үйлерге қолданылмайды. Бұл ПИК пен «АУЭС» ҚКК-на қалыптасқан жағдайды саралап, энергия үнемдеу шараларын алуына мүмкіндік туғызуды көздегендіктен жасалып отыр. Өз тарапынан МАЭК бұл мекемелерге методикалық көмек көрсетуге, ПИК пен «АУЭС» ҚКК-мен бірлесе кешенді тексеруге мамандар бөлу, жалпыүйлік есептеу құралдарын тексеруге қажет көмек көрсетуге әрдайым даяр.

                «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-і өз тарапынан жүзеге асырылатын шараларды қашан да ашық, заң шеңберінде және өз қызметін жетілдіре түсу мақсатында жүргізетіндігіне, бұл мәселелер бойынша тұтынушылар тілегін, ұсыныстарын үнемі ескеріп отыратындығына өз тұтынушыларын- қала тұрғындарын сендіреді.

     

     

                                                  «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС қоғаммен байланыс қызметі

               

     

               

               

           

           

                          

  •  

               

              

               

                                           

     

     

Действия с Документом