Персональные инструменты
Вы здесь: Главная Пресс-центры Архив новостей «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС өндірістік-бюджеттік комиссия құрылды.

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС өндірістік-бюджеттік комиссия құрылды.

— Категория

«МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де кәсіпорынның жылу беру кезеңіне дайындық жұмыстарына қатысты өндірістік, қаржы және еңбек мәселелерін шешуді жеделдету мақсатында Өндірістік-бюджеттік комиссия құрылды.

          «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-де кәсіпорынның жылу беру кезеңіне дайындық жұмыстарына қатысты өндірістік, қаржы және еңбек мәселелерін шешуді жеделдету мақсатында  Өндірістік-бюджеттік комиссия құрылды.  Комиссия құрамына комбинаттың жетекші мамандарымен бірге барлық негізгі өндірістік бөлімшелердің, ЖЭО-1, ЖЭО-2, ЖЭС, ДӨжӨЖСЖЗ басшылары енгізілді.

            Комиссия жұмысының негізгі мақсаттары – энергиямен, сумен, жылумен қамтуды жүзеге асыратын негізгі объектілердегі жоспарланған күрделі жөндеу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау үшін оларды қаржыландыру және  сапасын бақылау.  Қазірде кейбір жағдайларға байланысты  жекелеген жұмыстардың орындалуында кешеуілдеу бар екені белгілі болды. Қиыншылық туғызып отырған басты себептердің бірі 2 миллиард теңге  қарыздары бар «Казазот» ЖШС, «АЛЗ» ЖШС  сияқты ірі тұтынушыларымыздың, облысымыздағы және қаладағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың  өз міндеттеріне салғырт қарап, осы күнге дейін тұтынып отырған ресурстар үшін уақытылы төлем жасамауы болып отыр.

            «Ең бастысы – деді комиссия төрағасы, кәсіпорынның бас директоры С.Н.Өтебаев, - қазір жыл басынан бергі қателіктерді жіберген кінәлілерді іздеуге уақыт жібермей,   керісінше  оның орнын толтырып, бар күшімізді күрделі жөндеулерді уақытынан кешіктірмей, нәтижелі аяқтауға жұмсауға тиіспіз. Бірінші кезекте, өткен жылғы қыста су беру мәселесінде үзілістер туғызған Құйылыс-ЦУВС-1 минеральданған  су құбырының күрделі жөндеуін аяқтау керек.  Сондай-ақ, 15 қыркүйекке дейін облыс орталығы мен МАЭК-тің аралығындағы жылу желілерінің жөндеу жұмыстарын тиянақтау керек. Маңғыстау облысы үшін осындай маңызды жұмыстарды жүзеге асыруға қажетті  қаржыны  біздің бас компаниямыз «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның  МАЭК-ке  инвестиция ретінде беруге шешім қабылдағаны  аса үлкен көмек болып отыр».

            2014 жыл да «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС  үшін оңай болмайтыны белгілі. Басқа да маңызды тапсырмаларды орындаумен бірге ГТПИ-2,3 жаңа тұшыту қондырғыларының құрылыстарын салу үшін алынған кредиттерді төлей бастау керек болады. Бұл қондырғылар жаңа жылдан бастап іске қосылады деп жоспарлануда және алдағы онжылдықтарда Ақтау қаласы мен қала маңындағы ауыл тұрғындары ауыз сумен  сенімді қамтылады деуге болады. Баршамызға белгілі, дұрыс құрылған қаржы жоспары кез-келген істе табысқа жеткізетіні белгілі. Бүгінгі күні  кәсіпорын алдағы жылға қажетті бюджетті құруға кірісті.  Бюджеттік процедураларды жеделдету мен жариялылығын жаңадан құрылған  Өндірістік-бюджеттік комиссия  қамтамасыз ететін болады. Кәсіпорын қызметкерлері маңызды өндірістік  мәселелерді және оларды шешу жолдарын ашық талқылау арқылы қолда бар қаржыны барынша тиімді пайдаланып,  көптеген өндірістік тапсырмаларды уақытылы орындауға болатындығына сенімді.

 

                                                                        «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС

                                                                       баспасөз қызметі.

Действия с Документом