МАЭК

«НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫНЫҢ СЫЙЫ

1 наурыз күні «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалында партияның құрылған күні мен Алғыс айту күніне орай партия ардагерлерінің, қоғамдық кеңес мүшелері, қоғам қайраткерлері қатысуымен мерекелік шара өткізілді.

   «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары  Нұри Тумышев жиналғандарды ұжым атынан 1 наурыз – партия күнімен, Алғыс айту күнімен құттықтап алғысын білдірді.

     Осы мерекелік шара аясында Елбасының, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» аталатын жаңа кітабының тұсаукесері жасалды.

     Шара барысында партиялық жобаларға қолдау көрсетіп, қоғамдағы маңызды іс-шараларға үлес қосып жүрген азаматтар филиалдың Алғыс хатымен марапатталды. Марапат иелерінің арасында «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС «Нұр Отан» бастауыш партия ұйымының хатшысы Өтекова Айман да бар. Осы бастауыш партия ұйымының тағы да бес белсенді мүшелері А.Әшім, Р.Алпысбай, В.Золотавин, Н.Волошин, С.Қырықбаевтар да осындай марапатқа ие болды.

      «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалының бірінші орынбасары Нұри Тумышев партия жанындағы «Мирас» қоғамдық кеңесінің мүшесі, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-і қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Қолғанат Нұржаубайұлын 65-ке толған мерейлі жасымен құттықтап, белсенді қоғамдық қызметі үшін Алғыс хатпен марапаттады, иығына шапан жапты.

         Мерекелік шара соңы жергілікті өнерпаздардың шағын концертіне ұласты.

logo.png
МАЭК-Казатомпром
Сделаем мир светлее!

АДРЕС

ТОО "МАЭК-Казатомпром" Мангистауская область, г.Актау, Промзона 7, здание 65
e-mail: maek@maek.kz

Search